Жетінші арна

«Әрдайым жаныңда» 12 жыл бойы

2009

«Жетінші арна» 9 қыркүйекте республика аумағына хабар таратуын бастады. Танымал қазақстандық медиаменеджер Батыр Қазыбаев «Жетіншінің» тізгінін өз қолына алды. Телеарна ақпараттық-талдамалық хабарларға басымдық бере отырып, өзі өндіретін бағдарламаларды эфирге шығарды. «Жетінші арнаның» жаңалықтары, «Другими словами» және «Нысана» қорытынды бағдарламалары жаңа телеарнаның мақтанышы болды. «Жетіншінің» алғашқы логотипі - қағаз қыстырғыш түріндегі «Жеті» саны.

2010

Сол кездің өзінде телеарна Қазақстанда алғашқылардың бірі болып YouTube арнасын ашты. Көрермен көңілінен шыққан бағдарламалар қатары «Жиһанкез», «Эксклюзивное интервью» сынды жаңа жобалармен толыға түсті.

2011

2011 жылы телеарна әлеуметтік желілерді бағындыруға кірісіп, ойын-сауық бағытына қарай бет бұрды. Әлемге танылған шоулардың отандық үлгісін эфирге шығарды: «40 миллион теңге» және «Не? Қайда? Қашан?»

2012

Телеарна «KZ-ландия» әзіл-сықақ скетч-шоуын көрермен назарына ұсына бастайды. «Фабрика звезд» - «Жұлдыздар фабрикасы», «Звездные танцы» сынды әлемдік шоулардың отандық нұсқасын ұсынған «Жетінші» көрермен жүрегін жаулауын жалғастырады. Бұл жобалардың рейтингі де жоғары болды.

2013

«Жетінші» теңдессіз «Экстремалдар» шоуын қазақстандықтардың назарына алғаш болып ұсынды. Қазақстан құрамасы Украина, Ресей және Финляндия құрамасымен күш сынасу үшін Аргентинаға аттанды. Дәл сол жылы тағы бір әлемдік шоудың жергілікті нұсқасы – «Мінсіз келін» премьерасы эфирге шықты. Өткір мәселелер көтерілген «ВЫХОД есть» әлеуметтік ток-шоуы да сол жылы эфирден берілді.

2014

Арна логотипін өзгертіп, дизайнын жаңартты. Оригами түрінде бейнеленген логотип экранға сән берді. Digital бағытына бетбұрыс өз жалғасын тапты. Осы жылы «Жетінші арна» «Аналар күні» мерекесіне орай Алматы мен елордада іс-шара ұйымдастырды. Сол шарада 856 кг бауырсақ пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Дәл сол жылы «BOOM!» шоуында «екінші экран» инновациялық және интерактивті технологиясын қолданысқа енгізді. Сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі бірден-бір ірі жоба «Хочу к Меладзе» жобасына қосылды.

2015

Арнаның хабар тарату форматы өзгерді. Ақпараттық хабар таратудан бас тартып, қазақ тіліндегі ойын-сауық контентіне басымдық берді. Танымал Q-eli скетч-шоуының бүкіл маусымы көрсетілді және ол YouTube желісінде 500 миллионнан астам рет қаралды. Сол жылы арна «Делай добро/Жақсылық жаса» акциясын қолға алып, қазақстандықтарды ізгілікке үндеді.

2016

«Жетінші арна» жаңа дизайн және жаңа логотиппен толығымен ойын-сауық арнасына айналды. Эфирден берілген «Бастық боламын» сериалының алғашқы маусымы өз көрерменін тапты. 2016 жылы «Жетінші» республикалық телеарналар арасында қаралым үлесі бойынша төртінші орынды иеленді.

2017

Телеарна комедия жанрындағы сериалдарды түсіруді қолға алды. Жаңа премьераларымен өз көрерменін қуантуды жалғастырды. Q-еліндегі Тайлақтың бастан өткерген хикаяларының жалғасы ретінде «Тақиясыз періште» сериалы эфирге шықты.

2018

«Жетінші арна» YouTube-тың алтын батырмасын қазақстандық телеарналардың арасында алғаш иеленгендердің бірі. Эфирден «Зың-зың Күлпәш» жобасының бірінші маусымы көрерменге жол тартты. Кейіннен бұл жобаның бүкіл маусымы YouTube арнасынан 166,5 миллионнан астам рет қаралды. Осы жылы отандық телевизия тарихындағы теңдессіз жоба «Хотим ребенка» реалити-шоуы жарық көрді. «Жетінші арна» өз көрерменінің тағдырына бей-жай қарамай, оларға жаңа өмір сыйлады.

2019

«Жетінші арна» HD-форматқа көшті. Телеарнаның дизайны мен логотипі өзгерді. «Өз ойым» ток-шоуы жарық көрді. Жүргізушілер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, медиа-тұлғалар бағдарлама кейіпкерлерінің түрлі мәселесін шешуге тырысты.

2020

«Жетіншіге» жетекшілік етуді Сергей Майборода өз қолына алды. Телеарна ең үздік мамандарды тарта отырып, ауқымды трансформацияға кірісті. Техникалық жаңғыртудан бөлек, ойын-сауық форматынан ақпараттық-ойын-сауық форматына өту кезеңі басталды. «Минус 750», «Солдат пен салауат», «Сен жалғыз емессің», «12 күн» сериалдары және «Самое время» саяси ток-шоуы эфирге шықты.

2021

Телеарна өз тарихында бұрын-соңды болмаған техникалық кешенді жаңғырту ісіне кірісті. «Jaidarman» эксклюзивті әзіл-сықақ шоуы эфирдің шымылдығын ашты, сондай-ақ көрермен YouTube арнасынан қызыға тамашалаған отандық «Тойхана», «НяняMAN», «Өсекшілер», «Изоләция» сериалдары телеарна эфирінен көрсетілді. Тек 2021 жылғы наурызда «Жетіншінің» YouTube арнасы 41 миллионнан астам рет қаралған. 28 маусымда тұсауы кесілген «Оян, Қазақстан» таңғы бағдарламасы мен «Студия 7» кешкі бағдарламасына арналған жаңа телевизиялық студиялар салынуда. «Айбат» ақпараттық қызметінің жаңалықтары таңғы бағдарламаны мазмұнды ете түсті. Бұл бастамасы ғана…

ӘРДАЙЫМ ЖАНЫҢДА!

«Жетінші арна» жаңа маусымды өзі өндірген жаңа жобалармен бастауда көшбасшылар қатарында келеді және биыл бұл позициясын күшейте түспек. Біздің телеэфир – талғампаз аудиторияның сұранысына сай келетін сериалдар, көркем фильмдер, жаңалықтар мен бағдарламалар.