«Жетінші арна» – танымдық, ойын-сауық бағыттағы отбасылық телеарна
«Жетінші арна» елордалық «ЭРА» телеарнасы негізінде құрылып, 2009 жылы 9 қыркүйекте республикаға хабар таратуды бастады. Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде таралуы тиіс телеарналар тізіміне кіреді. Осылайша арна эфирін Қазақстанның барлық аймағы бірдей көре алады.
«Жетінші арна» эфирі OtauTV ұлттық спутниктік желісі, кабельдік операторлар, IDTV, TV+, GalamTV, Bee TV платформаларында, сондай-ақ телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Соңғы 15 жылда ойын-сауық және ақпараттық өнім өндіруде нарыққа жаңа трендтер енгізіп, танымал брендке айналған. Ең үздік шетелдік ірі жобалардың қазақстандық нұсқалары алғаш «Жетінші арна» эфирінен шыға бастады. «Жұлдыздар фабрикасы», «Звездные танцы», «40 миллион теңге», «Экстрималдар», «BOOM» жобалары – солардың бір парасы. «Нысана», «Другими словами», «Выход есть» сараптамалық, қоғамдық-саяси бағыттағы жобалары отандық нарыққа жаңа леп әкелді.
2015 жылдан бастап телеарна жастарға арналған ойын-сауық бағытта хабар таратуға көшті. Ал 2024 жылдан бағытын қайта жаңғыртып, талдамалық хабарларға басымдық берді. Отбасының барлық мүшесіне арналған хабар тарату кестесін іске қосты. Осыған орай «Бірге болған жақсы» ұранын қайта жаңғыртты.
«Жетінші арна» – талғампаз аудиторияның сұранысына сай келетін сериалдар, көркем фильмдер, мультфильмдер мен сапалы сараптама және бағдарламалар.
Қазір телеарна аудиториясының орташа жасы – 37 жас. Оның 51% – әйелдер, 49% – ерлер. Қазақ тілді аудиторияның үлесі – 73%.
«Жетінші арна» – диджиталда отандық арналар ішінде көшбасшы. 2018 жылы YouTube бейнехостингінде 1 миллиардтан астам қаралым жинап, алғашқылардың бірі болып алтын батырма иеленді. Бүгінде «Жетінші арнаның» диджиталдағы жалпы жазылушылар саны 5 миллионнан асты.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.