Арна туралы
17 жыл ішінде телеарна ойын-сауық және ақпараттық өнім өндірудегі жаңа үрдістерді танытып, танымал брендке айналды.
2015 жылдан бастап арна жастар аудиториясына бағытталып, тек ойын-сауық контентін ұсынды. Ал 2024 жылдан бері бағытын жаңартып, талдамалық контентке басымдық берді. «Жетінші арнаның» эфирі отбасының барлық мүшесіне арналған. Жаңа ұранымыз да осы ұстанымды білдіреді — «Бірге жақсы».
«Жетінші арна» — Қазақстан телеарналары арасында digital бағытындағы көшбасшылардың бірі. 2018 жылы миллиардтан астам қаралым жинап, YouTube платформасының алтын батырмасын алғашқылардың бірі болып иеленді.







