
1991 жылдың 24 қазанында дүниеге келген. Павлодар қаласында өсіп, Кадет корпусында білім алды. Кейін «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы оқу орнын тәмамдады.
2009 жылы Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «IT технологиялар» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды.
Еңбек жолын 2012 жылы бастады.
2012-2014 жылдары «Астана» радиосында (РТРК «Казахстан» АҚ) редактор-жүргізуші қызметін атқарды.
2014 жылдан бастап телевидение саласында еңбек етіп келеді.
2014-2023 жылдары «24.kz» телеарнасында («Хабар» Агенттігі» АҚ) жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі болды. Сонымен қатар «Хабар» телеарнасында бағдарламалар мен жаңалықтарды жүргізуді қатар алып жүрді. Республикалық телемарафондарға қатысып, «Сенат», «Мир за неделю», «Ресурсы» бағдарламаларында редактор-жүргізуші ретінде еңбек етті.
2024 жылы «Атамекен» телеарнасында жаңалықтар редакторы әрі жүргізушісі болды.
2024 жылдан бері «Жетінші арна» телеарнасында жүргізуші-продюсер қызметін атқарып жатыр.
Телевизиядан бөлек, жоғары деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі ретінде де танымал. Сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және камера алдында өзін ұстау шеберлігі бойынша оқыту тренингтерін өткізеді.
Өзі туралы:
Поэзия мен балетті ерекше жақсы көреді. Бокспен, йогамен және атқа мінумен айналысады. Аргентиналық танго билейді, ән айтып, гитарада ойнайды.
«Адамзат болмысының ең басты, бәлкім, жалғыз заңы – мейірім мен жанашырлық» деген қағиданы берік ұстанады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.