
Білімі: Қазақ тілі мен әдебиеті факультеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
Кәсіби еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласындағы «Отырар» телеарнасында диктор әрі редактор ретінде бастады. Радио саласында да мол тәжірибе жинақтап, «ЮМАКС» радиосында редактор және жүргізуші қызметін атқарды.
Оксана Петерс 16 жыл бойы «Астана» телеарнасында еңбек етіп, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың бас редакторы және жүргізушісі болды. Елбасының алғашқы тарихи интернет-конференциясын жүргізген.
Өңірлік арналардан бастап, республикалық жетекші телеарналар мен мемлекеттік құрылымдарға дейінгі кәсіби жолдан өтті. Әр жылдары Қазақстанның маңызды мемлекеттік ұйымдарында ресми өкіл әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Атап айтқанда:
Марапаттары:
Сондай-ақ «Алтын қалам», «Жас Тұлпар», «Халық таңдауы» сыйлықтарының иегері. Қазақ тілін, телевизия мен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген өзге де марапатқа ие.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.