Мадина Алмолдина

Мадина Алмолдина

Білімі: экономист-менеджер, Солтүстік Қазақстан университеті.

Журналистика саласында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

«Қазақстан» РТРК арнасында жаңалықтар жүргізушісі ретінде еңбек жолын бастаған.

Саяси тұлғалардың қатысуымен өткен «Жеке кеңістік» жобасын жүргізген.

2018 – 2019 жылдары «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Қайырлы таң!» жобасының жетекшісі болған.

2019 – 2025 жылдар аралығында — «Күндізгі формат» бағдарламасының жүргізушісі, жаңалықтар жүргізушісі және шолушы-бас редактор қызметін атқарды.

2025 жылдың қаңтарынан бастап «Жетінші арнада» жаңалықтар жүргізушісі.

2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.