Альфия Хайдарова

Альфия Хайдарова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын «Шет тілдері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Телевизиялық мансабын 2012 жылы «ТАН» ТРК арнасындағы «Твое утро» бағдарламасынан және «Qazaqnews» жаңалықтар қызметінен бастаған. Жүргізуші, тілші және шығарушы редактор қызметтерін атқарды.

2016 жылдан бастап «Хабар 24» телеарнасындағы «Культвояж» жобасында «INFINITI MEDIYA» продакшн-компаниясымен бірге жұмыс істеді. 2017–2019 жылдары «Хабар 24» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болды. 2020 жылы «CAGT» халықаралық таланттар шоуында, «Х Factor» жобасының 10-маусымында редактор болды. Сондай-ақ «Persona Art» бағдарламасында өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, эфир тізгіндеген.

2025 жылдың қаңтарынан бастап «Жетінші арнада» тілші, экономикалық жаңалықтар жүргізушісі қызметін атқарып келеді.