Седьмой канал
Тікелей эфирді көру
Эфирдің дауыстары мен жүздері

Арна келбеті

«Жетінші арнаның» жүргізушілері мен бағдарлама авторлары — күн сайын эфирден көріп, дауысын естіп жүрген жандар.

Ғани Мұқашұлы

Ғани Мұқашұлы

Ғани Мұқашұлы Тұрғымбеков – 13 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар журналист, редактор, тележүргізуші және спорттық ақпарат құралының негізін қалаушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мамандағы — аудармашы.

Еңбек жолы:

2011–2013 жж. – Massaget.kz ақпараттық порталы, журналист.
2014–2015 жж. – «Жұлдыз FM» радиосы, бас редакторы.
2014–2015 жж. – «СТВ» телеарнасы, автор-редактор.
2017–2019 жж. – «Қазақстан» РТРК, контент-менеджер.
2019–2025 жж. – «Хабар» агенттігі, тілші, халықаралық жаңалықтар шолушысы, тележүргізуші.
2025–2026 жж. – «Жетінші арна» тілшісі әрі тележүргізуші.

Кәсіби қызметінде ақпараттық және сараптамалық репортаждар, телевизиялық сюжеттер мен деректі фильмдер әзірлеген. Отандық және шетелдік тұлғалардан сұхбат алып, Президент тапсырмаларының орындалуын зерделейтін бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі болған.

Журналистика саласындағы еңбегі үшін бірқатар марапат пен алғыс хатқа ие болған.

Қазіргі уақытта телевизиядағы қызметімен қатар, қазақтілді спорт журналистикасын дамытуға үлес қосып келеді.

Үстел теннисін ойнағанды, кітап оқуды және саяхаттауды ұнатады. Музыкаға ерекше ықыласпен қарайды, әсіресе джаз және рок жанрларындағы туындыларды сүйіп тыңдайды. Винил пластинкаларын коллекциялаумен айналысады. Сондай-ақ «Формула-1» жарыстарының жанкүйері.