Седьмой канал
Тікелей эфирді көру
Арна туралы

Басшылық

Ибрагимов Илхам Базартаевич

Ибрагимов Илхам Базартаевич

Бас директор

1986 жылғы 15 қарашада Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында 20 жылдық еңбек өтілі бар. Телевизия және медиааналитика саласының сарапшысы.

Еңбек жолы:

  • 2004–2007 жылдары – «Сайрам ақшамы» телеарнасының тілшісі.
  • 2007–2011 жылдары – «Отырар» телеарнасының тілшісі, бас редакторы.
  • 2011–2013 жылдары – «Жетінші арнаның» Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Астанадағы арнайы тілшісі.
  • 2013–2015 жылдары – «Астана» телеарнасының арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі.
  • 2015–2018 жылдары – «Астана» телеарнасының бағдарламалық директоры.
  • 2018–2019 жылдары – «Астана» телеарнасы бас директорының телевизиялық өндіріс жөніндегі орынбасары.
  • 2019–2024 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2024 жылғы 15 сәуірден бастап – «Жетінші арнаның» бас директоры.

Кәсіби қызметі барысында түрлі жанр мен форматтағы көптеген телевизиялық жобаны жүзеге асыруға атсалысқан. Олардың қатарында ақпараттық-талдамалық бағдарламалар, телехикаялар, кино жобалар, музыкалық және ойын-сауық бағдарламалары бар.

«Жетінші арнаға» бас директор болып тағайындалған кезде 2022 жылы тоқтатылған ақпараттық жобалардың эфирге қайта оралуына ықпал етіп, арнадағы толыққанды ақпараттық хабар тарату жұмысын жандандырды.

Марапаттары:

  • «Құрмет» ордені (2025 жыл)
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалі (2025 жыл)
  • «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2015 жыл)