Құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы
7 желтоқсанда Ақмола облысында туған.
1978 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша, 1992 жылы КИМЭП Университетін саяси ғылымдар мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын орта мектептің аға тәлімгері лауазымынан бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасар қызметінен бастаған.
20 жыл бойы комсомолдық, партиялық, атқарушы органдарда және әділет органдарында түрлі қызметте жұмыс істеді.
Медиа саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
1997 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың наурызына дейін Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінде Басқарма бастығы, Әкімшілік-құқық департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2006 жылдың наурызынан 2020 жылдың ақпанына дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ-да Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың қарашасынан бастап «ЭРА» Телекомпаниясы» ЖШС-нің Құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының 4 мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.