
Жаңалықтар директоры
Журналист, редактор, медиаменеджер.
Шымкент қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: алғашқы мамандығы – филолог, екіншісі – журналист.
Медиа саласындағы еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Жиырма жылдан астам кәсіби қызметінде қалалық телеарна үйлестірушісінен республикалық телеарнаның бас редакторы, ақпараттық-талдамалық хабар тарату бағытының жетекшісіне дейінгі жолдан өтті.
2002 жылы Шымкенттегі «Отырар» телеарнасына жұмысқа орналасып, 2012 жылға дейін үйлестіруші, продюсер, журналист және редактор қызметтерін атқарды.
2012-2013 жылдары «Хабар» телеарнасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болды.
2013 – 2020 жылдары «Хабар» телеарнасында қызмет етті. «7 күн» апталық ақпараттық-талдамалық бағдарламасының журналисі, кешкі жаңалықтардың шығарушы редакторы, Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар департаменті жаңалықтар қызметінің бас редакторы болды.
2022 – 2024 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін Abai TV телеарнасындағы орыс тіліндегі хабар тарату бағытының бас редакторы қызметін атқарды.
2024 жылдан бері «Жетінші арна» ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметін атқарып келеді.
Деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламалардың авторы. Редакция жұмысын ұйымдастыру, жаңалықтар өндірісін басқару, ақпараттық және талдамалық телевизиялық жобаларды әзірлеу әрі жүзеге асыру бағыттарында тәжірибесі мол.
Internews ұйымының жаңалықтар қызметінің жұмысын ұйымдастыруға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Марапаттары: