Седьмой канал
Тікелей эфирді көру
Арна туралы

Басшылық

Шакеева Айнур Абдуваливна

Шакеева Айнур Абдуваливна

Бағдарламалық директор

2026 жылғы тамыздан бастап «Жетінші арнаның» бағдарламалық директоры қызметін атқарады.

Еңбек жолын «Kaspi Bank» АҚ-да бастаған. Алғашында банктің бас кеңсесінде, кейін Астана қаласындағы филиалдың корпоративтік несиелеу бөлімшесінде жұмыс істеген. Басқарушылық үдерістерді сүйемелдеу, компаниялардың қаржылық жағдайын талдау, кредиттік тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ корпоративтік және орта бизнес жобаларын қарастыру бағыттарында тәжірибе жинақтаған.

Кейін халықаралық коммерциялық жобаларды жүргізу, шетелдік серіктестермен байланыс орнату және бизнесті дамыту салаларында жұмыс істеген.

2023 жылы «Жетінші арнада» контент сатып алу жөніндегі менеджер қызметіне кірісті. Бұл қызметте халықаралық ынтымақтастықты дамыту, телевизиялық құқықтарды сатып алу, шетелдік өндірушілермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ телеарнаның контенттік қорын қалыптастыру жұмыстарымен айналысты.

Бағдарламалық директор ретінде телеарнаның бағдарламалық стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру, эфирлік кестені қалыптастыру, телевизиялық контентті іріктеу мен сатып алу, сондай-ақ отандық және халықаралық құқық иелерімен, дистрибьюторлармен серіктестік байланыстарды дамыту бағыттарына жетекшілік етеді.