Диас – жас талант, өз футбол командасының жұлдызы. Кезекті ойыннан кейін әжесінің ауруханаға түскенін естіп, ауылға келеді. Дәрігер ол кісінің көзі дұрыс көрмейтінін айтады. Енді Диас қайткен күнде де әжесін қалаға алып кетпек.
Алайда Кенже әженің қалаға кеткісі жоқ. Оның жалғыз өтініші – ауылдың қарадомалақ балаларын жинап, оларға футбол ойнауды үйрету. Диастың алдында екі таңдау тұр: бір жағында – қаладағы мансабы, табысы мен жарқын болашағы, екінші жағында – әжесінің аманаты мен ауыл балаларының үміті.
Диас арын тыңдай ма әлде арманының соңынан кете ме?..
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.