Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Ағайынды» телехикаясы | 6 серия

Четверг, 19 октября 2023, 18:00 Ағайынды

Кафенің иесі Сұлтанның ата-анасына тіл тигізді. Ол: «Арманның ауру болып туылуына әке-шешеңнің жас кезінде жүріс жасағаны себеп болып, сол үшін Құдай оларды жазалаған», — деді. Мұндай сөзді көтере алмаған Сұлтан кафенің иесіне жұдырық жұмсап, соңында жұмыссыз қалды.

Толығырақ

Бөлісу:
Ағайынды
Сериал туралы

Ағайынды

Жаңа маусымда тұсауы кесілетін «Ағайынды» мелодрамасына Сұлтан мен Арман есімді бауырлардың тағдыры арқау болды.

Сұлтан 18 жаста, биыл мектеп бітіреді. Ол шетелге оқуға түсіп, үлкен өмірге қадам басуды армандайды. Бос уақытында бокспен айналысады. Достарының арасында сыйлы жас жігіттің сүйіктісі де бар.

Бірақ үйде өзін жалғыз және «артық» сезінеді. Себебі ата-анасының бар көңілі дамуында ақауы бар ағасы Арманда. Сұлтан бауырының көлеңкесінде қалып, ата-ана махаббатына бөлене алмаған. Енді қалаға кетіп, қалаған өмірін сүруге асық.

Бірақ аяқасты орын алған апат оның арманының күл-талқанын шығарады. Ата-анасы қатар көз жұмып, ағасына жалғыз өзі бас-көз болып қалады. Жетімдерге жанашыр туыстар да табылмайды.

Енді Сұлтанның алдында үлкен таңдау тұр: арманынан бас тартып, ағасына қамқор болу не оны оңалту орталығына өткізіп, арқадағы жүктен арылу.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →