Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Ауыл дәрігері» | 2-бөлім

Пятница, 04 ноября 2022, 18:00 Ауыл дәрігері

Жасы жетпістен асқан Гүлім апайдың есте сақтау қабілеті тіптен нашарлап кетті. Апайдың есерсоқ ұлы Ермек анасын емдетудің орнына, керісінше дертін пайдаланып, қара шаңырақты рұқсатсыз сатып жібермекші. Бұл үшін оған анасының есінен алжасқаны туралы анықтама қажет. Сондықтан ауылға да, ауруханаға да келуін жиілетті. Ермектің арам пиғылын біліп қалған Медет пен Айша Гүлім апайды құтқаруға кіріседі. Ол үшін Медет өте жауапты қадамға барады.

Толығырақ

Бөлісу:
Ауыл дәрігері
Сериал туралы

Ауыл дәрігері

«Ауыл дәрігері» сериалы – шалғайдағы Мерген ауылына жолдамамен келген жас маманның алғашқы еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттері баяндалған хикая. Бас кейіпкер Медет – қалада туып-өсіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша еуропада білім алып келген дәрігер. Ауыл өмірінен, тыныс-тіршілігінен мүлдем бейхабар жас жігітке жаңа ортаға бейімделу оңайға соқпайды. Оның үстіне жас дәрігерге ауыл тұрғындарының өте сирек кездесетін ауру түрлеріне ұшырау себебін анықтауына тура келеді. Күнде өзіне бір ауру ойлап табатын Гүлзия апай мен үнемі ішпей мас болып жүретін көршісінің мәселесін ауыл болып шешуге тырысады. Уақыт өте келе Медет ауыл өміріне, ауыл тұрғындарына бауыр басып қалғанын сезеді. Әсіресе, ауыл бойжеткені жас жігіттің жүрегін жаулап алған еді.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →