Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Ауыл дәрігері» | 3-бөлім

Понедельник, 07 ноября 2022, 18:00 Ауыл дәрігері

Медетті сүйіктісі Дана іздеп келді. Қалада туып-өсіп, еуропада білім алған жастар үшін ауыл өмірі романтикаға толы болуы керек қой. Бірақ бұлай болмады. Дана ағаш сатыдан құлап аяғын ауыртып алса, Медет ауылдағы детектив-дәрігер қызметінен босай алмайды. Медет Данаға көңіл мен уақыт бөле алмағанымен, 10 жасар Нұржанның сыныптан уланғанын анықтап, оның өмірін құтқарып қалды.

Толығырақ

Бөлісу:
Ауыл дәрігері
Сериал туралы

Ауыл дәрігері

«Ауыл дәрігері» сериалы – шалғайдағы Мерген ауылына жолдамамен келген жас маманның алғашқы еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттері баяндалған хикая. Бас кейіпкер Медет – қалада туып-өсіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша еуропада білім алып келген дәрігер. Ауыл өмірінен, тыныс-тіршілігінен мүлдем бейхабар жас жігітке жаңа ортаға бейімделу оңайға соқпайды. Оның үстіне жас дәрігерге ауыл тұрғындарының өте сирек кездесетін ауру түрлеріне ұшырау себебін анықтауына тура келеді. Күнде өзіне бір ауру ойлап табатын Гүлзия апай мен үнемі ішпей мас болып жүретін көршісінің мәселесін ауыл болып шешуге тырысады. Уақыт өте келе Медет ауыл өміріне, ауыл тұрғындарына бауыр басып қалғанын сезеді. Әсіресе, ауыл бойжеткені жас жігіттің жүрегін жаулап алған еді.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →