Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Ауыл дәрігері» | 6-бөлім

Четверг, 10 ноября 2022, 18:00 Ауыл дәрігері

Ауыл дәрігеріне жалғызбасты ана 17 жасар қызы Динаны ертіп келді. Айтуынша, соңғы бір аптадан бері жүрегі жиі лоқсиды, асқа да тәбеті жоқ. Медет бойжеткеннің жүкті екенін анықтады. Қызының мектеп қабырғасында жүріп жүкті болып қалғанына қапаланған Шолпан апай Медетке бұл туралы ешкімге тіс жармауын сұрады. Әйтпесе «өлімнен ұят күшті» дегендей, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытты. Медеттің уайымы басқа – ол Динаның анасын түсік жасатпауға көндіру еді, бірақ оған Шолпан апай көне қояр ма екен?

Толығырақ

Бөлісу:
Ауыл дәрігері
Сериал туралы

Ауыл дәрігері

«Ауыл дәрігері» сериалы – шалғайдағы Мерген ауылына жолдамамен келген жас маманның алғашқы еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттері баяндалған хикая. Бас кейіпкер Медет – қалада туып-өсіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша еуропада білім алып келген дәрігер. Ауыл өмірінен, тыныс-тіршілігінен мүлдем бейхабар жас жігітке жаңа ортаға бейімделу оңайға соқпайды. Оның үстіне жас дәрігерге ауыл тұрғындарының өте сирек кездесетін ауру түрлеріне ұшырау себебін анықтауына тура келеді. Күнде өзіне бір ауру ойлап табатын Гүлзия апай мен үнемі ішпей мас болып жүретін көршісінің мәселесін ауыл болып шешуге тырысады. Уақыт өте келе Медет ауыл өміріне, ауыл тұрғындарына бауыр басып қалғанын сезеді. Әсіресе, ауыл бойжеткені жас жігіттің жүрегін жаулап алған еді.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →