Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Ауыл дәрігері» | 11-бөлім

Четверг, 17 ноября 2022, 18:00 Ауыл дәрігері

Медет түсінен шошып оянды. Мең-зең күйде ауруханаға келсе, аула толы адам. Ауылға атақты Ұлжан көріпкел келіпті. Ұлжан Медеттің өзіне сенбейтінін сезсе де, бүгін оны не күтіп тұрғанын айтты. Медет көріпкелдің айтқанын теріске шығармақ болып, науқастарға айрықша көңіл бөле бастады. Қанша жерден тырысқанымен, көріпкелді мойындауына тура келеді. Әлде бұл жай сәйкестік пе?

Толығырақ

Бөлісу:
Ауыл дәрігері
Сериал туралы

Ауыл дәрігері

«Ауыл дәрігері» сериалы – шалғайдағы Мерген ауылына жолдамамен келген жас маманның алғашқы еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттері баяндалған хикая. Бас кейіпкер Медет – қалада туып-өсіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша еуропада білім алып келген дәрігер. Ауыл өмірінен, тыныс-тіршілігінен мүлдем бейхабар жас жігітке жаңа ортаға бейімделу оңайға соқпайды. Оның үстіне жас дәрігерге ауыл тұрғындарының өте сирек кездесетін ауру түрлеріне ұшырау себебін анықтауына тура келеді. Күнде өзіне бір ауру ойлап табатын Гүлзия апай мен үнемі ішпей мас болып жүретін көршісінің мәселесін ауыл болып шешуге тырысады. Уақыт өте келе Медет ауыл өміріне, ауыл тұрғындарына бауыр басып қалғанын сезеді. Әсіресе, ауыл бойжеткені жас жігіттің жүрегін жаулап алған еді.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →