Бас кейіпкер Жанат 35 жаста, ауруханада онколог болып жұмыс істейді. Өз ісінің мықты маманы. Кәсіби біліктілігінің арқасында еліміздің басты емханасына шақырту алады. Әйелімен жақсы жаңалыққа қуанып, мәре-сәре болып жүргенде Жанат өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын біледі. Өзгелердің өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жанның өз өмірі енді қыл үстінде тұр.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.