Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«ХАҚ» телехикаясы | 2 серия

Вторник, 26 сентября 2023, 18:00 ХАҚ

Ауылға Жанна атты әйелдерге психологиялық тренинг көткізетін коуч келді. Келіндерге түрлі кеңес беріп, олардың «көзін ашты». Жанна Аманжолдың әйелі Лиданың группаласы болып шықты. Ал әкім Сәбит ауылға тексеріс келетінін естіп, әбігерге түсті. Әкімнің шалт басқан қадамын аңдып жүретін Есқали шал бұл жолы да оны жөніне қоймасы анық.

Толығырақ

Бөлісу:
ХАҚ
Сериал туралы

ХАҚ

Драмаға толы «ХАҚ» телехикаясы қарапайым қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігіне негізделген.

Сериалдың бас кейіпкері – кәсіпте жолы болмай, қаладан ауылға көшіп келген Аманжол. Ол отбасымен Бесбұлақ ауылына қоныс аударып, өмірін жаңадан бастауға бел буады. Аманжол сыныптасы Омармен бірлесіп кәсіп бастайды, ауыл халқын жұмыспен қамтып, олардың ризашылығын алады. Бәрі керемет дерсің, бірақ…

Бір бай шонжардың «Бесбұлақ» ауылына көзі түседі. Нақтырақ айтқанда, осы ауылдан шығатын минералды суды сатып, табыс көзіне айналдырғысы келеді. Сөйтіп, аудан әкімінің орынбасары Розаға бұл ауылды «болашағы жоқ» елдімекен қатарына қосып, халқын көшіруді тапсырады. Ал Роза бұл іске ауыл әкімі Сәбитті жұмылдырып, көмектессе, алдағы сайлауда оның орнын сақтап қалуға сөз береді.

Бірақ ойламаған жерден Аманжол да «ХАҚ» (Халыққа адал қызметкер) деген фонд құрып, сайлауға өз кандидатурасын ұсынады.

Ауыл әкімі болуға кім лайық? Халық жігерлі жас жігіт Аманжолға дауыс бере ме әлде тәжірибелі маман Сәбитті таңдай ма?

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →