Ален – қатардағы полиция қызметкері. Сүйіктісі оны шетелдік азаматқа айырбастап кеткенімен қоймай, жасөспірім қызын қалдырып кетеді. Ал Дананың туған әкесі бар, есімі Мақсат. Тұрақты түрде алимент төлегені болмаса, бала күтімі мен тәрбиесіне мүлдем араласқан емес. Мақсат түрлі сылтау айтып, Аленді қызына уақытша бас-көз болуға көндіреді. Өгей қызға аяушылық танытқан полиция қызметкері амалсыздан көнеді. Қалай дегенмен, бөтен емес қой. «Көтере алмасаң, қосып арқала» дегендей, көп ұзамай Аленнің пәтеріне Мақсат көшіп келеді. Осылайша бала тәрбиесінен түк тәжірибесі жоқ қос әке Дананы тәрбиелеуге кіріседі. Дананың жасөспірім қыз бала әрі анасынан жырақта жүргенін ескерсек, «әке болу» миссиясы екеуіне де оңайға соқпайтын секілді.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.