Ален – қатардағы полиция қызметкері. Сүйіктісі оны шетелдік азаматқа айырбастап кетті. Ол аздай, жасөспірім қызы Дананы қалдырып кетеді. Ал Дананың туған әкесі Мақсат түрлі сылтау айтып, Дананы алып кетуге асықпайды. Өгей қызға аяушылық танытқан полиция қызметкеріне амалсыздан әкенің міндетін атқаруына тура келеді. Көп ұзамай Аленнің пәтеріне Мақсат көшіп келеді. Осылайша бала тәрбиесінен түк тәжірибесі жоқ қос әке Дананы тәрбиелеуге кіріседі. Дананың жасөспірім қыз бала әрі анасынан жырақта жүргенін ескерсек, «әке болу» миссиясы екеуіне де оңайға соқпайды.
Воскресенье, 16 октября 2022, 18:00
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.