Сүйікті жары өзін шетелдік азаматқа айырбастап кеткенін естігелі Аленнің көңіл хошы жоқ. Дананың әкесі Мақсат та қызын алып кетуге асығар емес. Дана қанша жерден ерке әрі қырсық болғанымен Аленнің күйзелістен тез шығуына септігін тигізді. Екеуі бір-бірінің басындағы қайғыны өте жақсы түсінеді. Бірақ Ален Дананы өзімен бірге қалдыра алмайды. Себебі ол Данаға ешкім емес әрі 10 жасар қыз баланың туыс емес еркекпен бір үйде тұрғанын қоғам теріс пиғылда қабылдауы мүмкін ғой. Балалар үйіне өткізгісі келмеген Ален Дананың туыстарын іздестіруге кіріседі.
Понедельник, 24 октября 2022, 18:00
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.