Изоләция | 4-бөлім

Алматыда тұрғын үйдің подъезі карантинге жабылды. Алаңсыз жүрген тұрғындардың төбесінен жай оты түскендей. Енді олар 2 апта изоляцияда болады. Елестетіп көріңізші, үй тонауға келген ұрылар мен полиция қызметкері,  мәслихат депутаты мен билікке ренжулі әжей 14 күн бойы бір пәтерде тұрмақ. Бұлардан бөлек, вегетариан отбасына ауылдан болашақ құдалар келді. Еті жоқ асты ауқат санамайтын ауылдық құдалар қайтпек?  Ажырасуға шешім қабылдаған жас жұбайлар тіл табыса ала ма? Көрерменге «Тек қана қыздар» сериалы арқылы таныс құрбылар жатақханадан жалығып, пәтер жалдаған еді. Оларды қандай қызықтар күтіп тұр?

17 Қаңтар, 12:43

Барлық сериялар