2021 жыл. Елде ұлттық халық санағы өтетіні туралы хабарланды. Достық көшесіндегі 10-шы үй қожайыны Қанат өз үйіне бірнеше адамды тіркеп қойған. Қызықтың бәрі халық санағы жүргізілгенде басталады. Қалалық әкімшілік қаладағы әр азамат өзі тіркелген мекенжайда тұруы керектігі туралы қаулы қабылдайды. Қанаттың үйі бір сәтте ормандағы барлық аңды жинап алған «Үйшік» ертегісіндегі үйшікке ұқсап шыға келеді. Мінезі мен көзқарасы, ұстанымы әр түрлі азаматтар енді санақ аяқталғанша бір шаңырақ астында өмір сүруге мәжбүр.
Жұма, 14 Қаңтар 2022, 17:41
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.