Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

НяняMan | 3-бөлім

Вторник, 18 января 2022, 17:48 НяняMan

Елорда. Зәулім сарай. Жұмысбасты кәсіпкер әке, байлығына қызығып күйеуге шыққан өгей шеше және туған анасын аңсаған 8 жасар, еркетотай бала. Бақытты отбасының рөлін ойнауда. Отбасы теңіз жағасына демалысқа жиналуда. Өгей шеше шетелге баласыз баруды ұйғарып, Расулды бала күтушісімен қалдырады. Бала тәрбиешісінің аяқ астынан шұғыл шаруасы шығып, балаға бас-көз болуды үй күзетшісіне тапсырады. Ауылдан қалаға енді келген, сөзі дөрекілеу, қулығы басым күзетшіге баламен тіл табысу қиынға түседі. Ғабит үшін ең бастысы, үй иелерінің жоқтығын өз пайдасына пайдаланып қалу.

Толығырақ

Бөлісу:
НяняMan
Сериал туралы

НяняMan

Елордаға жұмыс іздеп келген Ғабит ауқатты кәсіпкердің үйіне күзетші болып орналасады. Сөзі де, ісі де дөрекі күзетшіні үй иесінің еркетотай ұлы Расул ұната қоймайды. Осы кезде өгей шеше теңіз жағасындағы демалысқа Расулсыз баруды ұйғарып, оны үй қызметкері Айжанға қалдырады. Үй иелері демалысқа кеткен бойда Айжан анасының сырқаттанып қалғаны туралы хабар естиді. Амал жоқ, балаға бас-көз болуды күзетшіге тапсырады. Туған анасын сағынған 8 жасар бала мен ауыл жігіті арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді, текетірес соңы достыққа ұласа ма? Ситкомның әр эпизодында қарапайым күзетші мен пысық балақайдың зәулім сарайдағы хикаялары баяндалған. Сериалдағы бас кейіпкерлер, әкелі-балалы — Ғалым мен Расулдың актерлік шеберлігі шыңдалғаны анық байқалады. Отбасылық көңілді кеш өткізгіңіз келсе – Жетінші арна эфиріндегі «НяняMan» сериалы тамаша таңдау.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →