
Димаш, Аяна, Санжар, Айлин – 11-сынып оқушылары. Әрқайсысы сенбілік жасап жүріп ерекше затты тауып алады. Сыныптастар мектептің төбесіне жиналып, оларды біріктіргенде, таңғажайып құбылыс болып, оқушылардың қолында ерекше белгі пайда болады. Бұл жай ғана белгі емес. Олар енді супер күшке ие. Енді оқушылар жаңа қабілеттерін танып, оның құпиясын ашуға тиіс.