Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

ТОЙХАНА 2 | 1-БӨЛІМ

Понедельник, 18 апреля 2022, 18:00 Тойхана 2

Жаңадан ашылған тойхана! Жаңа қожайын, жаңа интерьер. Қызметкерлер ғана бұрынғы. Алғашқы жұмыс күні тосын жаңалыққа толы болды. Ғазизхан мен Әселдің үйленетіні. Ғазизханның тойхананың жаңа әкімшісі етіп Әселді тағайындауы. Тайманның Саяға сөз салуы. Бұлар ең соңынан естіген жаңалықтың қасында түкке тұрғысыз болып қалды. Сүйікті кәсібім мен сүйікті жарымды кездестірдім деген Ғазизхан өзін қандай сынақ күтіп тұрғанынан бейхабар еді. Бұл сынақтан морт сынбай, тығырықтан жол таба алар ма екен?

Толығырақ

Бөлісу:
Тойхана 2
Сериал туралы

Тойхана 2

Мейрамхана қожайыны Самат Қайратұлы қомақты ақшасынан ұтылып қалған соң, амалсыздан мейрамхананы жарты бағасына сатуды ұйғарады. Бұны естіген Ғазиз мейрамхананы сатып алуға әрекеттенеді. Отбасымен және Әселмен ақылдаса келе, өзінің үйіне қоса, ата-анасының да үйін банкке кепілге беріп, несие ресімдейді. Осылайша өзі қызмет ететін мейрамхананың қожайыны атанады. Сүйікті қызына сөз салып, сүйікті кәсібін дөңгелетемін деп отырғанда, әлемде пандемия басталып, елде карантин жарияланады.

Қызыл аймаққа енген қалада Ғазизді түрлі сынақтар тосып тұр еді. Қиындықтан шығу үшін Ғазиз дағдарыс менеджері етіп Лаураны жұмысқа алады, соның арқасында көптеген мәселе шешіліп, мейрамхана табыс таба бастайды. Ал Ғазизді қызғанған Әсел Лаураның артына түседі. Нәтижесінде Лаураның алаяқ екені анықталады.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →