Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

ТОЙХАНА 2 | 5-БӨЛІМ

Воскресенье, 24 апреля 2022, 18:00 Тойхана 2

Лаура келгелі тойхананың жұмысы жүре бастады. Өзін мықты дағдарыс менеджері реті көрсете білді. Осылайша әріптестерінің ғана емес, Ғазизханның да жүрегін жаулап алған секілді. Кейінгі кезде Ғазизхан мен Лаура бір-біріне тым жақындап кеткендей. Оның үстіне Ғазизхан ұсынған торттан Лаура жүзік тауып алды. Бұл нені білдіреді? Көрейік.

Толығырақ

Бөлісу:
Тойхана 2
Сериал туралы

Тойхана 2

Мейрамхана қожайыны Самат Қайратұлы қомақты ақшасынан ұтылып қалған соң, амалсыздан мейрамхананы жарты бағасына сатуды ұйғарады. Бұны естіген Ғазиз мейрамхананы сатып алуға әрекеттенеді. Отбасымен және Әселмен ақылдаса келе, өзінің үйіне қоса, ата-анасының да үйін банкке кепілге беріп, несие ресімдейді. Осылайша өзі қызмет ететін мейрамхананың қожайыны атанады. Сүйікті қызына сөз салып, сүйікті кәсібін дөңгелетемін деп отырғанда, әлемде пандемия басталып, елде карантин жарияланады.

Қызыл аймаққа енген қалада Ғазизді түрлі сынақтар тосып тұр еді. Қиындықтан шығу үшін Ғазиз дағдарыс менеджері етіп Лаураны жұмысқа алады, соның арқасында көптеген мәселе шешіліп, мейрамхана табыс таба бастайды. Ал Ғазизді қызғанған Әсел Лаураның артына түседі. Нәтижесінде Лаураның алаяқ екені анықталады.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →