Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

ТОЙХАНА 2 | 11-БӨЛІМ

Пятница, 06 мая 2022, 18:00 Тойхана 2

Лаура тойхана қызметкерлерін шақырып алып, жұмыстан өз еркімен кетулерін талап етті. Егер өз еркіңізбен кетпейтін болсаңыз, асханадағы ұрлықтарыңызды Ғазизханға айтып қоямын, бұдан кейін ешбір жерге жұмысқа орналаса алмайсыздар деп қорқытты. Күнсұлу апай бастаған қызметкерлер амалсыздан жұмыстан кетті. Ғазизхан болса қызметкерлерінің әрекетін түсінбей әлек. Әсел ғана бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп, Лаураның ізіне түседі. Ғазизханға Лаураның алаяқ екенін дәлелдемекші. Ақылды әрі өте қу Лаура оңайлықпен қолға түсе қояр ма екен. Көрейік.

Толығырақ

Бөлісу:
Тойхана 2
Сериал туралы

Тойхана 2

Мейрамхана қожайыны Самат Қайратұлы қомақты ақшасынан ұтылып қалған соң, амалсыздан мейрамхананы жарты бағасына сатуды ұйғарады. Бұны естіген Ғазиз мейрамхананы сатып алуға әрекеттенеді. Отбасымен және Әселмен ақылдаса келе, өзінің үйіне қоса, ата-анасының да үйін банкке кепілге беріп, несие ресімдейді. Осылайша өзі қызмет ететін мейрамхананың қожайыны атанады. Сүйікті қызына сөз салып, сүйікті кәсібін дөңгелетемін деп отырғанда, әлемде пандемия басталып, елде карантин жарияланады.

Қызыл аймаққа енген қалада Ғазизді түрлі сынақтар тосып тұр еді. Қиындықтан шығу үшін Ғазиз дағдарыс менеджері етіп Лаураны жұмысқа алады, соның арқасында көптеген мәселе шешіліп, мейрамхана табыс таба бастайды. Ал Ғазизді қызғанған Әсел Лаураның артына түседі. Нәтижесінде Лаураның алаяқ екені анықталады.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →