Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Түпсана және жасыл нәски» | 9 серия

Среда, 08 мая 2024, 18:00 Түпсана және жасыл нәски

Дариғаның қайын сіңлісі Айнашты алып қашыпты. Бұл – Дариғаның көптен күткен сәті. Жасұлан екеуі қуғыншы боп артынан барды. Айнаш сүйгенін жолықтырып, отбасын құрып жатқаны үшін бақытты екенін айтты.

Толығырақ

Бөлісу:
Түпсана және жасыл нәски
Сериал туралы

Түпсана және жасыл нәски

Дариға – қарапайым қазақ отбасының келіні. Күйеуі, екі баласы, енесі мен қайын сіңлісі – бәрі бір шаңырақ астында тұрады. Тұрмыс тауқыметінен шаршаған келіннің күндері сұрықсыз: күйеуі көңіл бөлмейді, балалары тыңдамайды, енесі қатал. Ал қайын сіңлісінің тұрмысқа шыққысы жоқ.

Үйдегі кезекті жанжалдан соң Дариға танымал коуч өткізетін отбасылық тренингтің жарнамасын көріп, қатысуға шешім қабылдайды. Барлық қызық осы тренингтен кейін басталады. «Өміріңді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!» деген сөзді естіген Дариға енді әр күнінен ләззат алып, барынша бақытты болуға тырысады. Күйеуі Жасұлан да өзгеріп, отбасына көңіл бөле бастайды. Балалардың тәртібі жақсарып, тіпті енесі де кейде өзінің артық кететінін мойындайды. Үй ішінің бұлайша өзгеруіне не себеп? Ал бұған жасыл нәскидің қандай қатысы бар?

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →