Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Үмітіңді үзбе» телехикаясы | 1 серия

Понедельник, 04 декабря 2023, 18:00 Үмітіңді үзбе

Сериалдың бас кейіпкері Жақсылық белгілі бір себептермен ауылға көшіп келеді. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрып, өмірін жаңадан бастауға бел буады. Ауылда оны өзге орта, ерекше махаббат хикаясы күтіп тұр.

Толығырақ

Бөлісу:
Үмітіңді үзбе
Сериал туралы

Үмітіңді үзбе

Телехикаяның бас кейіпкері Жақсылық қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, ауылға көшіп кетеді. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрып, өмірін жаңадан бастауға бел буады.

Жақсылықтың күйзелістен шығарып, өмір сүруге құлшынысын арттыратын керемет әдісі бар. Ол – баяу жүгіріс. Оның ойынша, жүгіру адамның денесін ғана шынықтырмайды, сондай-ақ «артық» ойлардан арылтып, көп мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Жақсылықтың жүгіруге жаңа көзқарасы балаларға да ұнап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, тіпті кейбір отбасылық проблемалардың түйінін тарқатуға септігін тигізеді.

Өз өміріне ғана емес, айналасындағы жандардың да өміріне жаңа леп әкелген Жақсылықтың жетістікке жетудегі құпиясы неде? «Үмітіңді үзбе» сериалынан көріңіздер.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →