Седьмой канал
Тікелей эфирді көру

«Үмітіңді үзбе» телехикаясы | 7 серия

Среда, 13 декабря 2023, 18:00 Үмітіңді үзбе

Қайрат Жақсылықтың бұрынғы жұмыс орнынан сөгіс алып, қуылғанын білді. Енді жеке іс-қағазын қолға түсіріп, соның негізінде оны бопсаламақ. Тіпті Жақсылықтың үйін тінту үшін Әлияны жіберді. Жаңа мұғалім жайлы көбірек ақпарат білгісі келген Әлия да бұл істен бас тартпады.

Толығырақ

Бөлісу:
Үмітіңді үзбе
Сериал туралы

Үмітіңді үзбе

Телехикаяның бас кейіпкері Жақсылық қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, ауылға көшіп кетеді. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрып, өмірін жаңадан бастауға бел буады.

Жақсылықтың күйзелістен шығарып, өмір сүруге құлшынысын арттыратын керемет әдісі бар. Ол – баяу жүгіріс. Оның ойынша, жүгіру адамның денесін ғана шынықтырмайды, сондай-ақ «артық» ойлардан арылтып, көп мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Жақсылықтың жүгіруге жаңа көзқарасы балаларға да ұнап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, тіпті кейбір отбасылық проблемалардың түйінін тарқатуға септігін тигізеді.

Өз өміріне ғана емес, айналасындағы жандардың да өміріне жаңа леп әкелген Жақсылықтың жетістікке жетудегі құпиясы неде? «Үмітіңді үзбе» сериалынан көріңіздер.

Барлық бөлімдер мен сипаттаманы көру →