Ұстаз | 6-бөлім

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзалдың кесірінен Қасиет белін ауыртып, ауруханаға түседі. Өзін ақтап алу мақсатында Абзал бұл іске Жасұланды кінәлі етіп шығарады. Бұл өсек бүкіл ауылға тарап кетеді. Шындықты Руся, Мирас және Қасиет үшеуінен басқа ешкім білмейді. Егер олар шындықты айтып қойса, онда Абзал оларды «тоқылдақ» етіп жібермек. Ауылдағы учаскелік полицей де Абзалдың досы. Абзал Жасұланның жауапқа тартылатынына сенімді. Жасұланның басына үйірілген қара бұлтты кім сейілтпек? Балалар шындықты айта ма? Бірге тамашалайық.

Дүйсенбі, 17 Қаңтар 2022, 10:25

Барлық сериялар