Сериал ауылдың кең пейілді тұрғындарының шым-шытырман өмірін баяндайды.
Бас кейіпкер Күлпәш -өзінің аңғалдығымен, әзілге бейім өткір тілімен, көмектесем деп күлкілі оқиға тап болатын аңқаулығымен елдің сүйіктісіне айналған пысық келін.
Берекелі ауыл, туысқандай араласатын көршілер. Ақкөңіл абысыны – Кәтәлөк, қайнысы – Нәкөнай, қатал ене мен беймаза күйеуі арасындағы байланыс шынайы түсірілген.
Әдемі әзілмен көмкерілген сериалдың әр бөлімі түрлі қызықты оқиғалар желісінен құралған.
Бүгінде сериалды Youtube арнасында 141 миллион адам көріп шыққан.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.