«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейін ұлдарының тәрбиесі былай тұрсын, тіпті коммуналдық қызметтерді қалай, қайда төлейтінін білмегенін жасырмады.
«Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде «бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді» деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің «қорықпа бәрі жақсы болады» деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар».
Сұхбат 28 қыркүйек күні 22:50-де «Жетінші арна» эфирінде және YouTube-арнасында шығады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.