АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 31.10.2022

Оңтүстік Кореяда алтыкүндік қаралы күн жарияланды. Халық хэллоуинді тойлау кезінде қайтыс болғандармен қоштасып жатыр. Қайғылы оқиға құрбандарының саны 154-ке жеткен. Осынша адамның өліміне әкелуіне себеп болған не жағдай?

Орташа жалақыға күн көріп жүргендер пәтердің бір шаршы метрін де сатып ала алмайды. «Атамекен» бизнес палатасы жүргізген зерттеуге сенсек, айына 322 мың теңге табатындар баспанаға қажет бастапқы жарнаның өзін он жылдай жинауы қажет. Қазір үй сатып алуды былай қойғанда, жалға алу да қиындаған. Нарықтағы жағдай қандай? Айя Мүтәлі тарқатады.

Алматыдағы атышулы Зерделі ықшам ауданында тұрғын үй бұзылды. Мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана талай жыл қаңырап бос тұрған. Тоғыз қабатты үйдің сапасы сын көтермеді ме әлде сейсмологиялық жағдай әсер етті ме? Толығырақ тілші материалында.

Понедельник, 31 октября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар