АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 01.11.2022

Қазақстанға тоқтаусыз жасалып жатқан кибершабуылдардың кесірінен елде интернет желісіне қосылуда іркілістер байқалады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіге кіру қиындағанын осылай деп түсіндірді. Қазнетке қандай қауіп төнді? Мемлекеттік органдардың сайттарына жасалып жатқан шабуылдар шығынға батырмай ма?

Енді диплом мен аттестат QR-код арқылы беріледі. Бұл кәдімгі банк қосымшасы арқылы жүзеге асады. Тіпті балаңыздың балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі барлық ақпараты жинақталады. Толығырақ тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

Жамбылда жеңіл көлік жолаушылар пойызымен соқтығысып, алты адам ажал құшты. Арасында 7 жасар бала бар. Жантүршігерлік жол апаты Меркі ауданындағы Түрксіб станциясында болды. Жергілікті тұрғындар жол апатына «Қазақстан темір жолы» компаниясын кінәлайды. Оператор мекеменің шойын жол шлагбаумын алып тастауын апатқа себеп болды деп санайды.

Сейсенбі, 01 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар