Қайрат Сатыбалдының 230 млн доллардан асатын байлығы елге қайтарылды

Қайрат Сатыбалдының шет елдердегі 230 млн доллардан асатын байлығы Қазақстанға қайтарылды. Оның ішінде сирек кездесетін эксклюзивті асыл тастар мен бағалы зергерлік бұйымдар бар. Бұдан басқа оның өзге мемлекеттердің құнды қағаздарына 300 млн доллар салғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілдері көрсетілген сома жақын арада Қазақстанның қазынасына түседі деп сендіріп отыр.

Еске салсақ, Қайрат Сатыбалды биыл қыркүйекте 6 жылға сотталды. Ол жазасын істі болған құқық қорғау органдары қызметкерлері қамалған Өскемендегі қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Сәрсенбі, 02 Қараша 2022, 20:09

Соңғы шығарылымдар