Иран мешіт күмбезіне қызыл ту ілді: енді соғыс бастала ма?

Иран билігі Құм қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне қызыл ту ілді. Бұл – кек алу мен соғыс жариялау белгісі. Қызыл жалау Шираз мазарындағы атыста мерт болған 15 адамның өліміне байланысты ілінген. «Осыған байланысты Иран Сауд Арабиясы мен Иракқа шабуыл жасауға дайындалып жатыр», – дейді Саудия билігі. Эр-Риядтың мәлімдеуінше, Тегеран осылайша елде билікке қарсы бірнеше аптаға жалғасқан наразылық акцияларын тоқтатпақ.

Ислам Республикасы шерулерді ұйымдастырды деп АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы мен Израильді айыптауда. Қазір бұл елдер қарулы күштерінің дайындығын күшейтіп жатыр. Иран шабуыл жасаса, Вашингтон оған жауап беруге дайынбыз деп мәлімдеді.

Сәрсенбі, 02 Қараша 2022, 20:03

Соңғы шығарылымдар