Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талап өзгерді. Енді оқушылар мектепке поло жейде мен кардиган киіп бара алады. Ал қыста трикотаж кеудеше мен водолозкаға рұқсат беріледі. Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып ала алады. Дегенмен мектеп формасының үлгісі мен түр-түсі мектеп әкімшілігімен келісілуі тиіс. Оқу-ағарту министрлігі құжат даярлап, 15 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынды.
Среда, 02 ноября 2022, 20:07
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.