АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 02.11.2022

Президент сайлауына 18 күн қалды. Қазір үміткерлер өңір-өңірді аралап, бағдарламасын таныстырып, халықпен кездесу өткізіп жүр. Ал бұл науқан үшін бюджеттен әр кандидатқа 10 млн теңге бөлінген еді. Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат науқаны қалай өтуде? Айя Мүтәлі президент сайлауына үміткерлердің әлеуметтік желілердегі парақшасын шолып шыққан еді.  

Иран билігі Құм қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне қызыл ту ілді. Бұл – кек алу мен соғыс жариялау белгісі. Қызыл жалау Шираз мазарындағы атыста мерт болған 15 адамның өліміне байланысты ілінген. «Осыған байланысты Иран Сауд Арабиясы мен Иракқа шабуыл жасауға дайындалып жатыр», – дейді Саудия билігі. Эр-Риядтың мәлімдеуінше, Тегеран осылайша елде билікке қарсы бірнеше аптаға жалғасқан наразылық акцияларын тоқтатпақ.

Ислам Республикасы шерулерді ұйымдастырды деп АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы мен Израильді айыптауда. Қазір бұл елдер қарулы күштерінің дайындығын күшейтіп жатыр. Иран шабуыл жасаса, Вашингтон оған жауап беруге дайынбыз деп мәлімдеді.

Украинада бүгін астық тасымалы тоқтатылды. Оған Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы, Украина, Түркиямен жасалған келісімнен шығуы себеп. Ал Украинада жылу мен жарық тапшылығы арта түсті. Елде электр энергиясы толықтай өшіп қалу қаупі бар. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Сәрсенбі, 02 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар