Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аялдамада автобусты жарты сағат күткен. Оның аялдамада тұрған суреті желіде тарады. Шаһар басшысы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде автобустардың оң жақ жолақта әр бағдаршам сайын тұрып қалатынын айтты. Сонымен бірге қалада автобус саны жетіспейтінін мәлімдеді. Шенеунік келер жылы бұл мәселені шешу үшін 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз деп уәде берді.
Четверг, 03 ноября 2022, 19:58
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.