«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы апат болды. Бұл жолы Шахтинск қаласындағы «Ленин» шахтасында газдың таралуынан 5 жұмысшы мерт болды. Тағы төрт жұмысшы ауруханада жатыр. Қаза болғандардың ең жасы 26-да. Отбасын құрып үлгермеген жігіттің жұмысқа тұрғанына екі айдан асыпты. Жандос Бақытұлы марқұмдардың туыстарымен тілдесіп, апат болған шахтаға барып қайтқан еді.
Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заң бүгін күшіне енді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды босату жұмыстары басталғанын айтты. Рақымшылыққа нақты кімдер ілігеді? Бостандыққа шыққандар ақтала ма? Айя Мүтәлі тарқатады.
Астанада элиталық ауданда тұратын 100-ден астам отбасы 1,5 айдан бері жылусыз отыр. Едені тастай суық үйде суық тигізіп жатқандар да жетерлік. Жаңа тұрғын үйге жылу берілмеуінің себебі неде? Жауаптылар неге жалтарып жүр? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тұрғындардың шағымын тыңдап қайтты.
Четверг, 03 ноября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.