Шахтадағы апаттан кейін «АрселорМиттал» компаниясына қатысты қатаң шара қабылданады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық сарапшылар тартылатынын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, металл комбинатында 2006 жылдан бері 20-дан астам апат болып, 100-ден аса кенші көз жұмған. Компанияға мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ескерту де жасалған. «Алайда әлі күнге еш нәтиже жоқ», – деді Президент.
Понедельник, 07 ноября 2022, 19:48
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.