Сарапшы: Әлеуметтік осал топтарға 3 пайыздық несие беру керек

Баспана тағы қымбаттайды. Сарапшылар құрылыс материалдарының қымбаттауынан, инфляция мен теңгенің құнсыздануынан пәтер бағасы тағы шарықтайды деп отыр. Салдарынан комфорт кластағы үйлер бір жылда 10-15 пайызға қымбаттайды. Ал орта нарықтағы пәтердің бағасына қатысты әзірге нақты болжам жоқ. Сарапшылар қазір халықтың тұрмысы нашарлағанын, баспана алу қиындағанын айтады. «Сондықтан «7-20-25» секілді қолжетімді бағдарламаның тоқтауына жол бермеу қажет», – дейді. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтар үшін төменгі 3 пайыздық несие беру жағын сұрап жатыр. Осы жөнінде тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес беретін компания басшысы, сарапшы Дүйсен Оспановтың пікірін білдік.

Пәтер қымбаттай ма? Қымбаттаса, неше пайызға? Қай уақыт аралығында?

Дүйсенбі, 07 Қараша 2022, 20:07

Соңғы шығарылымдар