АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 07.11.2022

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жетті. Оларға мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және өзге де айыптар тағылған. Тергеу неге ұзақ жүрді, бұл процесті қиындатқан нендей жағдай? Жалғас Зейнолла жеткізсін.

Қарағанды шахтасында жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан 5 кеншінің денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмдарды соңғы сапарға ағайын-туыс, жақындары мен әріптестері шығарып салды. Жерлеу рәсімінде «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы да бой көрсетті. Көп уақыт өтпей бұл кәсіпорынға тиесілі тағы бір шахтада адам өлімі тіркелді. 24 жастағы жігіт неден қайтыс болды? Қайғылы оқиғаның шахтадағы трагедияға қатысы бар ма? Тілшіміз Жандос Бақытұлы анықтап көрді.

Бүгін жылу электр станциясындағы қазандықтың істен шығуына байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар «қыстың  көзі қырауда жылусыз қаламыз ба?» деп дабыл қағып отыр. Жыл сайын қайталанатын жағдайды кім түзейді? Кінәлілер жазалана ма? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл айтсын.

Понедельник, 07 ноября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар