Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

Алматыда жолаушылар мінген екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жүйткіген екі қоғамдық көліктің көше қиылысында бір-біріне соққаны бақылау камерасына түскен.

Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, апат салдарынан 17 адам зардап шеккен. Оқиға куәгері қиылыста бағдаршам жұмыс істемегенін айтады. Жол-көлік қозғалысын реттеуші де болмаған көрінеді.

Сейсенбі, 08 Қараша 2022, 19:52

Соңғы шығарылымдар