Науқан алдындағы пікірсайысқа Тоқаевтан басқа кандидаттардың бәрі қатысады. 11 қарашада президенттікке үміткерлердің қатысуымен өтетін телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына оның сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысатын болды. Телевизиялық дебаттың ұзақтығы 80 минуттан кем емес. Пікірталас екі тілде өтеді, кім қай тілді таңдайды, сол тілде сөйлейді. Дебатты өткізуге 63 миллион теңге жұмсалады. Бұл қаражат арнайы студияны жарақтандыруға, жарық, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, қызметкерлер тартуға жұмсалады екен.
Вторник, 08 ноября 2022, 19:54
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.