АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 08.11.2022

Президент Тоқаевтың сынынан кейін «АрселорМиттал Теміртау» шахталары түгел тексеріліп, аудит жүргізіледі. Бүгін шетелдік кәсіпорын басшылары бес кеншінің өмірін қиған апаттан кейін алғаш рет ел алдына шығып жауап берді. Қаза болғандар мен жарақат алғандарға қандай көмек көрсетілмек? Жылда қайталанатын бұл апат қашан тоқтайды? Өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы анықтап көрді.

Үш тәулік бойы жылусыз отырған Риддердегі жағдай ушығып барады. Қарашаның қара суығында дірдектеген тұрғындар қол жинап, Президенттен көмек сұрап отыр. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов жылу станциясының істен шығуына уақытында жөндеу жүргізбеген кәсіпорын басшылығын айыптады. Риддердегі төтенше жағдай жөнінде тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

Премьер-министрдің бұл сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі қуанса, енді бірі қарсылық білдіруде. Бұл шынымен, Жаңа Қазақстанның жаңашылдығы ма әлде бұқараның бетін бері қарату үшін жасалған популизм бе? Жалғас Зейнолла талдап көрді.

Сейсенбі, 08 Қараша 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар